"Муниципалдық округтардың басты міндеті - халықты қаламызда болып жатқан барлық істердің қатысушысына және серіктесіне айналдыру. Бұл - абаттандыру, көгалдандыру, ауладағы проблемаларды шешу мәселелері", - деді С. Оразов.
Оның айтуынша, әр округта 15-17 мың адам тұратын болады. Бұл қала халқының шамамен 5 пайызын құрайды. Округтерге төрағалық ететін депутаттар тұрғындар үшін өзекті мәселелерді өз бақылауларында ұстап, мәслихат сессияларында көтеретін болады.