ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылғыш зат 28 мамыр күні Кругоозерное кентінде болашақ емхананың ауласында жер жұмыстарын жүргізу барысында табылды.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында табылған зат — басында жарылғыш заты бар ұзындығы 325 мм., диаметрі 76 мм. артиллериялық снаряд екендігі анықталды.
Снарядты ҚР ІІМ «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағы жару арқылы жойды.