Caravan Logo

Оралда жаңадан салынып жатқан емхананың ауласынан жарылғыш зат табылды

Оралда жаңадан салынып жатқан емхананың ауласынан жарылғыш зат табылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылғыш зат 28 мамыр күні Кругоозерное кентінде болашақ емхананың ауласында жер жұмыстарын жүргізу барысында табылды.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында табылған зат - басында жарылғыш заты бар ұзындығы 325 мм., диаметрі 76 мм. артиллериялық снаряд екендігі анықталды.

Снарядты ҚР ІІМ «Арлан» арнайы мақсаттағы жасағы жару арқылы жойды.