Оралда жас жігіттің өліміне қатысты күдіктінің біреуі ұсталып, қалған екеуі іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жас жігіттің өліміне қатысты күдіктінің біреуі ұсталып, қалған екеуі іздестірілуде

Оралда жас жігіттің өліміне қатысты күдіктінің біреуі ұсталып, қалған екеуі іздестірілуде

22 қазан күні кешкісін полицияның кезекшілік бөліміне әйел адам хабарласып, «Кең дала» ықшамауданына таяу орман алқабы тұсында бірнеше жас жігіттің өзара жанжалдасып тұрғанын, артынша олардың екеуінің «Ниссан» көлігіне отырып, белгісіз бағытқа ізін суытып үлгергенін жеткізген.

  • 30 Қазан 2012
  • 387
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, куәгер азаматша сонымен бірге оқиға орнында ауыр дене жарақатын алған жігіттің қансырап жатқанын баяндаған.

Дабыл түскен бойда оқиға орнына аттанған ішкі істер департаменті мен Орал қалалық ішкі істер басқармасының жедел іздестіру тобы жан-жақты тергеу шараларын қолға алды.

Алдын ала тергеу нәтижесінде жәбірленушінің 1992 жылы туған Ғайноллаев Саржан екендігі белгілі болды. Жәнібек ауданының тумасы, соңғы уақытта Орал қаласында тұрып келген. Сол жақ жамбасына тиген оқтан ауыр жараланған жәбірленуші азамат жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында көз жұмған.

Осы оқиғаға қатысты деген күдікпен полиция қызметкерлері 1992 жылы туған Жәнібек ауданының тұрғынын анықтап, қамауға алды. Күдікті өз кінәсін мойнына алды. Одан «ИЖ-К» 16-шы калибрлі шолақ аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұған дейін ұрлық жасап, жауапқа тартылған.

Күдіктіден жауап алу кезінде, екеуінің арасында келіспеушілік болғандығын, артынша қойнына жасырып алып келген шолақ мылтықпен жайратып салғанын айтқан.

Қазір полиция осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы екі азаматқа, Жәнібек және Сырым ауданының тұрғындарына іздеу жариялады. Бұл екеуі де бұған дейін әр түрлі тәртіпсіздіктері үшін жауапқа тартылған.

Осынау кісі өліміне қатысты айғақ, дәлел ретінде іздестіру жарияланған жігіттің біреуі тұрып жатқан «Кең дала» ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан оқиға орнынан бой тасалаған «Ниссан» көлігі табылды.

Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Дәрігерлік сараптама жүргізу тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар