Оралда жауынгерлік қызмет шеберлерінің байқауы мәреге жетті
ҚР ІІМ ішкі әскерлері Батыс құрамасының базасында екі күнге созылған жауынгерлік қызмет шеберлерінің байқауы болып, |
оған Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында орналасқан бес әскери бөлімнен жиырмадан астам үздік әскери қызметкерлер қатысты.
Батыс құраманың баспасөз қызметінің бастығы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, байқау барысында әскери қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындықтары сыналып қана қоймай, олар тәжірибелі сардарлардың қатысуымен өз ой-пікірлерін ортаға салып, білім-біліктерін жетілдіре түсті. Бұл ретте Батыс құрама командирінің орынбасары, полковник Тұрсынғали Дүйсемәлиевтің кіші командирлерге қойылатын талап-міндеттер туралы баяндамасы да әсерлі болды.
Байқау қорытындысында старшина Ержан Сисенов (6655-әскери бөлім, Жем) - бірінші, аға сержант Әбіл Әлімбаев (5517-әскери бөлім, Орал) - екінші, Ерлан Романқұлов (6656-әскери бөлім, Ақтау) үшінші орынды еншіледі.
Байқау Жастар мәдениет сарайы көркемөнерпаздарының концертімен аяқталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін