Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, суыт хабар сенбі күні таңертеңгі сағат он шамасында түскен.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Бөкенбай көшесіндегі жеке меншік үйде газ бен ауа қоспасы жарылып, салдарынан үйдің мансардасының маңдайшасы құлаған. Денесінің 85 пайызын күйік шалған 37 жастағы жүкті әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін айтады" — деп жазады Тengrinews сайты.
40 мыңнан астам тұрғыны бар Зачаганск кентінде облыстық балалар ауруханасы, төрт орта мектеп, отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы, облыстық мектеп-интернат санаторий және аграрлық-техникалық университет орналасқан.