Оралда жеті бала ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жеті бала ауруханаға жеткізілді

Оралда жеті бала ауруханаға жеткізілді

Бүгін Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі №12 мектептен өздерін жайсыз сезінген жеті бала ауруханаға жеткізілді.

  • 12 Қараша 2015
  • 369
Фото - Caravan.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың алтауы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Бастапқыда біреуінің жағдайы ауыр, қалғандары орта және жеңіл дәрежеде делінгенмен, қазір бәрінің де халі жақсарып келеді. Тағы бір бала облыстық ауруханаға түскен.

Аталмыш мектеп директорының міндетін атқарушы Күләш Хайранованың сөзіне қарағанда, сағат 11.00 шамасында үзіліске шыққан балалар үшінші қабатта өткір иісті сезінген. Оқушылардың біреуі қиын халге душар болған. Сол бойда жедел жәрдем бригадасы мен тиісті қызметтер мамандары шақырылған. Жеті бала ауруханаға түссе, қалғандары сабақтан босатылған.

Қазіргі кезде мектепте комиссия жұмыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Алдын ала мәліметке қарағанда, газ баллоншасы шашылған. 


Соңғы жаңалықтар