Оралда жетімдер үйінің түлектері сәләфизм ағымын ұстанып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жетімдер үйінің түлектері сәләфизм ағымын ұстанып кеткен

Оралда жетімдер үйінің түлектері сәләфизм ағымын ұстанып кеткен

Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі емес исламлы ұстанушылардың қатары мың адамнан асып кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Оралдағы филиалында өткен брифингте облыстық Дін істері басқармасының басшылары айтты.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 515
Фото - Caravan.kz

"Біз олардың кім екендерін түгел танимыз. Ата-аналарының кім екенін, немен айналысатынын да білеміз. Олармен бүгінгі таңда құқық қлоғау органдары мамандары жұмыс істейді. "Шаңырақ" балалар үйінде жетімдер үйінің бұрынғы 14 түлегі дәстүрлі емес исламды ұстанатыны анықталды. Қазір біз ол жерде "Шаңырақ" деп аталатын футбол командасын құрдық. Яғни, жаңағы жастарды спорт арқылы тәрбиелеп, алдын алу шараларын өткізіп жатырмыз", — дейді БҚО Дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов.

Айта кетейік, 2016 жылы дінаралық және конфессияаралық алауыздықты тудырғаны үшін, сонымен қатар террористік актілер туралы жалған ақпарат таратқаны үшін барлығы 39 қлмыстық іс қозғалған.

"Қозғалған істердің арасында заңсыз құрылған қарулы топтарды қаржыланыру және оның құрамына ену сынды деректер бар", — деді Т.Нығметов.


Оның айтуынша, аталған басқарманың жылдық бюджеті 32 миллион теңгені құраған. Бұл ақшаның 5 миллионы әлеуметтік зерттеу жүргізуге жұмсалыпты. Яғни, сұрақ-жауапқа қатысқан тұрғындардың 83 пайызы өңірдегі діни ахуалға тұрақты деген баға беріпті.