Оралда журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтті

Оралда журналистер арасында шағын футболдан жарыс өтті

24 маусым күні Орал қаласындағы «Ақжайық» футбол клубының стадионында «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өткізілді.

  • 25 Маусым 2012
  • 611
Фото - Caravan.kz

Турнирге қатысушыларды облыс әкімі, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев құттықтап, салауатты өмір салтын орнықтыруда, қалың бұқараны спортқа тартуда осындай шаралардың маңызы зор екенін атап көрсетті.

Жарыс барысында «Жайық Пресс» ЖШС командасы «Қазақстан-Орал» телеарнасын 4:0 есебімен ойсырата ұтып, финалға шықты. Мұнда Мейрамбек Рахматуллин үш доп соғып, үздік шабуылшы атанды. «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы жігіттері облыстық және қалалық мәслихат депутаттарынан құралған команданы тек ойыннан кейінгі пенальти нәтижесінде ғана жеңе алды.

Финалдық бәсекеде «нұротандықтар» соққан жалғыз доп ойын тағдырын шешіп кетті. Сөйтіп «нұротандықтар» жеңімпаз атанып, кубокке ие болса, «Жайық Пресс» ЖШС екінші орынды иеленді. «Қазақстан-Орал» телеарнасы үшінші, депутаттар төртінші орынға тұрақтады.

Жарыс соңында аталымдар бойынша үздік ойыншылар да марапатталды. Олардың арасында облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, оның қаладағы әріптесі Абат Шыныбеков және басқалар бар.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубекеровтің айтуынша, бұл турнир енді жыл сайын өткізіліп, аясы кеңейе түспек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера