Жарияланды: 380

Оралда жылу жүйесіндегі люктен өлген әйелдің мәйіті табылды

Оралдағы "Жайықжылуэнергиясы" АҚ-ның қызметкерлері жылу желісіндегі тексеру кезінде канализациялық люктен өлген әйелдің мәйітін тауып алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Мамандардың айтуынша, әйелдің көз жұмғанына шамалы ғана уақыт болған. Ол ыстық будан тұншығып өлгенге ұқсайды. Оқыс оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өлген адамның аты-жөнін анықтап, оның еш жерде жұмыс істемейтін, тұрақты мекені жоқ А есімді азаматша екенін дәйектеді. Ол жылу жүйесін қыс маусымындағы мекеніне айналдырмақ болған сыңайлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін