Caravan Logo

Оралда жылу жүйесіндегі люктен өлген әйелдің мәйіті табылды

Оралда жылу жүйесіндегі люктен өлген әйелдің мәйіті табылды

Мамандардың айтуынша, әйелдің көз жұмғанына шамалы ғана уақыт болған. Ол ыстық будан тұншығып өлгенге ұқсайды. Оқыс оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өлген адамның аты-жөнін анықтап, оның еш жерде жұмыс істемейтін, тұрақты мекені жоқ А есімді азаматша екенін дәйектеді. Ол жылу жүйесін қыс маусымындағы мекеніне айналдырмақ болған сыңайлы.