Оралдағы аусыл Атыраудағы бағаға әсер етті
Атырауда сөрелерде ет азайып, оның бағасы келісі үшін 1250-1400 теңгеге жетті. |
Еттің тапшылығының пайда болуына, көрші Батыс Қазақстан облысында аусыл салдарынан малдың қырылуы себеп болған, өйткені негізінен еттің елеулі бөлігі Атырауға осы аймақтан жеткізіледі.
Қаланың бас мал дәрігері Асылбек Әбілғазиев хабарлағандай, Атырауды Оралмен байланыстыратын көлік жолында үш бекет орнатылған. Мал дәрігерлері полицейлермен бірлесе отыра, жеткізіліп жатқан етке тексеру жүргізіп, малдарды қарайды. Осыған дейін жеткізілген 19 сиыр «Тума» базарының карантин бөлімшесіне жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін