Оралдағы балабақшада тәрбиеленуші 24 балаға қойылған "қантышқақ" деген диагноз расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы балабақшада тәрбиеленуші 24 балаға қойылған "қантышқақ" деген диагноз расталды

Оралдағы балабақшада тәрбиеленуші 24 балаға қойылған "қантышқақ" деген диагноз расталды

Оралдағы "Еркемай" балабақшасында тәрбиеленуші 24 балаға қойылған "қантышқақ" деген диагноз расталды. Осы балабақшада тәрбиеленетін 29 бала ауруханаға жатқызылған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қазан 2005
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, балабақшада тәрбиеленетін 25 бүлдіршін қыркүйектің 22-мен 27-сі аралығында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Артынан оларға тағы да 4 бала қосылды.
24 балаға қойылған қантышқақ деген диагноз расталды.
Министрлік ақпаратына сәйкес, қазір балалардың жағдайы бірқалыпты, бактерияға қарсы емдеу шаралары аяқталды. Жаңадан ауырған бала тіркелген жоқ.
23-қыркүйектен бастап балабақшаның жұмысы доғарылды.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта