Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Оралда “Юность” стадионының құрылысы орнында адамның сүйектері табылды, соның салдарынан құрылыс тоқтатылды. “Бұл сүйектер сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді, қазір қорытындысын күтіп отырмыз: бұл адамдардың неден және қашан қайтыс болғаны анықталады. ХХ ғасырдың басы – ХІХ ғасырдың аяғында болуы мүмкін”, — деп хабарлады Орал әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Даумов.
Бұл жерде қанша адамның сүйегі жерленгені әлі белгісіз. Даумовтың сөзіне сүйенсек, әкімшілік оқиғаның анық-қанығын анықтауда және сараптама нәтижесін күтіп отыр. Содан кейін сүйектер қайта жерленеді.