Оралдағы станцияда темір жол цистернасынан үш тонна мұнай ағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдағы станцияда темір жол цистернасынан үш тонна мұнай ағып кетті

Оралдағы станцияда темір жол цистернасынан үш тонна мұнай ағып кетті

Батыс Қазақстан облысында темір жол цистернасының қақпағы дұрыс жабылмау салдарынан үш тонна шикі мұнай ағып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2005
  • 538
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, мұнай төгілу оқиғасы Приволжье темір жолының Озинки станциясы мен Текесу станциясы бағытындағы поезд келген кезде Орал темір жол бекетінде болған.

Оқыс оқиғаның залал-зардабын жоюға қалпына келтіруші поезд жұмылдырылды. 24-наурыз күнгі 22 сағаттағы жағдаймен мұнайды тазарту жұмыстары 50 процентке атқарылды. Жиналған мұнай Орал жылу электр орталығына жөнелтіледі.

Перейти к новостям спорта