Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, 17 желтоқсан күні сағат 13.47-де Достық даңғылы бойындағы бес қабатты 162-үйдің №1 пәтерінде сыйымдылығы 220 грамм газ-ауа қоспасы жарылған. Соның салдарынан сол пәтердің есік-терезелері жұлынған. №2 пәтердің кіреберіс есігіне де зақым келген.
Күйік жарақатын алған 1986 жылғы ер және 1992 жылғы әйел адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына жеке құрамнан 11 адам, 3 техника барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, биылғы 18 қараша күні Оралға қарасты Зачаган кентінде тұрғын үйдегі газ жарылысынан 37 жасар Әселім Нығметова 85 пайыз күйік жарақатын алған болатын. Ол бүгінде Самара қаласындағы Н.Пирогов атындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың №11 күйік жарақаты бөлімшесінде емін жалғастыруда.