Жарияланды: 440

Оралдан мүйізтұмсық табылды

Орал қаласындағы «Флот» ЖШС қызметкерлері құрылыс материалдарын өндіру кезінде 9 метр тереңдіктен белгісіз хайуанаттың сүйегін тауып алды.

Орал тоғанында №17 қалқыма кранның докер-механизаторы Владимир Ситников пен БТМ-4 теплоходының капитаны Николай Меньшиков жер астынан шыққан сүйектердің ерекшелігін бірден байқап, облыстық тарихи-өлкетану музейіне хабар беріпті. -Табылған сүйектердің қандай хайуанаттікі екенін анықтауға биология ғылымдарының кандидаты, облыстық обаға қарсы күрес стансасының зертхана меңгерушісі Федор Бидашко көмектесті, - дейді музейдің бас қор сақтаушысы Марина Мырзағалиева. Табылған сүйек осыдан 2 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтікі болып шықты. Ғылымда «Сібір эласмотерийі» деп аталған бұл хайуанның биіктігі 2 метр, ұзыны 5 метр, салмағы 4-5 тоннадай болған екен. Енді бұл ерекше жәдігерді оралдықтар облыстық музейден тамашалай алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін