Оралдан мүйізтұмсық табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдан мүйізтұмсық табылды

Оралдан мүйізтұмсық табылды

Орал қаласындағы «Флот» ЖШС қызметкерлері құрылыс материалдарын өндіру кезінде 9 метр тереңдіктен белгісіз хайуанаттың сүйегін тауып алды.

  • 5 Қараша 2012
  • 421
Фото - Caravan.kz

Орал тоғанында №17 қалқыма кранның докер-механизаторы Владимир Ситников пен БТМ-4 теплоходының капитаны Николай Меньшиков жер астынан шыққан сүйектердің ерекшелігін бірден байқап, облыстық тарихи-өлкетану музейіне хабар беріпті.

-Табылған сүйектердің қандай хайуанаттікі екенін анықтауға биология ғылымдарының кандидаты, облыстық обаға қарсы күрес стансасының зертхана меңгерушісі Федор Бидашко көмектесті, — дейді музейдің бас қор сақтаушысы Марина Мырзағалиева.

Табылған сүйек осыдан 2 миллион жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтікі болып шықты. Ғылымда «Сібір эласмотерийі» деп аталған бұл хайуанның биіктігі 2 метр, ұзыны 5 метр, салмағы 4-5 тоннадай болған екен. Енді бұл ерекше жәдігерді оралдықтар облыстық музейден тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар