«Оралды Ресейге беру керек» деп ұрандатқандарға қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оралды Ресейге беру керек» деп ұрандатқандарға қатысты іс қозғалды

«Оралды Ресейге беру керек» деп ұрандатқандарға қатысты іс қозғалды

БҚО-да «Оралды Ресейге беру керек» деп мәлімдеген тұрғындарға қатысты тергеу ісі басталды.

  • 1 Желтоқсан 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазбадағы «батырларды» ҚР ҰҚК мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері көп ұзамай-ақ қолға түсірді. Ұсталған азаматтар кешірім сұрап, тіпті өздерінің «олай айтқысы келмегенін», тек «арандатушылыққа бой алдырып қалғанын», жалпы алғанда өздерін «қазақстандықпыз деп санайтындарын» айтқан.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігімен «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, рулық, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.