Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигада көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигада көш бастады

Оралдың «Ақжайығы» премьер-лигада көш бастады

Футболдан Қазақстан чемпионаты премьер-лигасының жеті турынан кейін Оралдың «Ақжайығы» бірінші орынға көтерілді.

  • 23 Сәуiр 2012
  • 502
Фото - Caravan.kz

Талдықорғанда өткен жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері «Жетісу» командасымен кездескен оралдықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Алдымен 15-минутта алаң иелерінен Азат Нұрғалиев 11 метрлік айып добын дәл соғып, командасын алға шығарған еді. Әйтсе де 22-минутта Максим Азовский есепті теңестірді.

Ойынның екінші кезеңінде «Ақжайыққа» биыл келген легионердің бірі, чехиялық қорғаушы Якуб Хлебоун 76-минутта жеңіс добын соқты. Биылғы маусымда «Ақжайық» құрамында легионерлер де, қазақстандық футболшылар да нәтижелі ойын өрнегімен көзге түсуде. Бұл команданың оқу-жаттығу жиындарын жақсы өткізіп, ойыншыларды дұрыс таңдай білгендігін көрсетеді.

Сөйтіп словакиялық маман Йозеф Шкрлик жаттықтыратын, премьер-лигаға қайтадан қосылған оралдықтар 16 ұпаймен көш бастады. «Ақжайық» 29 сәуір күні өтетін келесі турда турнир кестесінде 15 ұпаймен алғашқы үштіктің сапында келе жатқан «Таразды» қабылдайды. Бұл ойынның да тартысты болары анық.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера