Оралдың «Ақжайығы» жаңа футбол маусымына әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» жаңа футбол маусымына әзірленуде

Оралдың «Ақжайығы» жаңа футбол маусымына әзірленуде

 Оралдың «Ақжайығы» Түркияда жаңа футбол маусымына әзірленуде.

  • 22 Қаңтар 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Өткен жылы премьер-лигадан шығып қалған «Ақжайық» биыл қалайда оған қайта оралуды мақсат етіп отыр. «Ақжайық» футбол клубынан Арсен Ғұбашевтің хабарлағанындай, команданы бұрынғыша ресейлік маман, белгілі ойыншы Андрей Чернышов жаттықтыруда. Өткен жылы командаға алынған хорватиялық қақпашы Иван Грабовац пен қорғаушы Никица Гачеша, сондай-ақ молдовалық жартылай қорғаушы Виктор Комленок Оралдан ізін суытса, камерундық Гок Хабиб керісінше «Ақжайықта» қалды. Өткен маусымда 14 доп соғып, мергендердің бірі болған ганалық шабуылшы Мозес Сакидің тағдыры енді шешілмек. Командаға жаңадан молдовалық Олег Хромцов пен Қарағандының «Шахтерінен» қақпашы Сергей Сарана алынды.

Бүгін «Ақжайық» әзірбайжандық «Бақы» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, шеберліктерін шыңдай түспекші.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера