Аталмыш жарысқа Тверь, Тамбов, Саратов, Балаков қалаларынан спортшылар қатысты. БҚО-дан 12 бадминтоншы барды. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылды, яғни бозбала-жастардан бастап ардагерлерге дейін өнер көрсетті. БҚО бадминтон федерациясының аға әдістемешісі Владимир Лачугиннің айтуынша, оралдықтар барлығы жеті жүлдеге ие болды. Дмитрий Рублев жекелей сында да шеберлігін танытып, қола жүлдені иеленді.