Оралдық кәсіпкерлер кеңесі қалалық бизнесмендерге арнап мәлімдеме қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдық кәсіпкерлер кеңесі қалалық бизнесмендерге арнап мәлімдеме қабылдады

Оралдық кәсіпкерлер кеңесі қалалық бизнесмендерге арнап мәлімдеме қабылдады

Орал қаласы әкімінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі жергілікті бизнесмендерге арнап мәлімдеме қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оралдық кәсіпкерлер кеңесінен хабарлады.

  • 13 Тамыз 2003
  • 481
Фото - Caravan.kz

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, қоғамдық кәсіпкерлік ұйымдар, әкімшілік, құқық қорғау және бақылаушы мекемелер арасындағы ықпалдастық тиісті деңгейге көтеріле алмай отыр. Оған себеп, шағын кәсіпкерлік өкілдері арасындағы ұйымшылдықтың жоқтығы мен белсенділіктің төмендігі болып табылады.

Кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің пайымдауынша, жалпы шағын бизнес саласы өнімдерінің 12 процентін құрайтын өндірістік сала талап деңгейінде дами алмаған.
Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің басым бөлігі алыпсатарлықпен айналысуда. Қазіргі жағдаймен жалпы заңды тұлғалардың 43,4 проценті, ал жеке кәсіпкерлікпен айналысатындардың 69,6 проценті осындай кәсіппен шұғылданады. Ал тұтыным тауарлары, азық-түлік өнімдерін өндірумен және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын субьектілер жалпы заңды тұлғалардың 6 процентін еншілейді.
Осыған байланысты кәсіпкерлер кеңесі бизнесмендерді мораторий тұсында өз іс-қызметтерін тағы бір ой елегінен өткізіп, жұмыс нәтижесін бағалай отырып қазіргі проблемаларға нақты көзқарас ұстануға шақырды.