Оралдықтар Сталинді еске алу шарасын өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдықтар Сталинді еске алу шарасын өткізбек

Оралдықтар Сталинді еске алу шарасын өткізбек

Желтоқсан айының 17-і күні «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Мой любимый Уральск!» тобына Оксана Терновская есімді ғаламтор қолданушы Орал халқын және «Поколение» қоғамдық ұйымының жақтастарын 21-ші желтоқсан күні Иосиф СТАЛИНДІ еске алу шарасына шақырды.

  • 20 Желтоқсан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Жас Алаш" басылымы хабарлайды.

Аталмыш жағдай желіде қызу талқыланғандықтан «Жас Алаш» тілшісі ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында «Поколение» ұйымына хабарласты. Әңгіме барысында ұйым жетекшісі Светлана БОЙКОВА 21-і күні Сталиннің 140 жылдығына орай мәңгілік алауға барып гүл шоқтарын қоятындықтарын айтты.

«Сенбі күні Сталиннің туғанына 140 жыл болады. Осыған байланысты «Поколение» мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға барады», — деді ұйым басшысы.

Бойкованың сөзінше, олар жергілікті әкімдіктен ешқандай рұқсат алмаған. Себебі бұл митинг емес, жай ғана гүл шоқтарын қою рәсімі.

Бұған дейін депутат Владислав КОСАРЕВ Кеңес заманындағы ескерткіштердің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдіріп, сол кездегі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНА «Лениннің ескерткіші қоқыста жататын қалада тұру мүмкін емес» екендігін айтқан. Оған министр: "Ленин тірі, өлген жоқ, өлмейді де" деп жауап берген. 


Айта кететін бір жайт, Украина Прокуратурасы 2015 жылы  Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның үстінен қылмыстық іс қозғаған. Ресми Киев Сталин мен Берияны 1944 жылы Қырым татарларын заңсыз жер аударды деп айыптаған. Бұдан бөлек, Украина билігі 1932-1933 жылдары қолдан жасалған ашаршылықты «украин халқына жасалған геноцид» деп таныған.