Сайысқа 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Әділқазылардың шешімімен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің арасында Павлодар қаласының үміткері Әлия Әбдірағман екінші орынға ие болса, Павлодар ауданынан қатысқан Майгүл Сахаба үшінші орынға лайық деп танылды.
Бәйгеде өз қарсыластарынан озып, өнер сүйер қауымның құлақ құрышын қандырған Баянауыл ауданының үміткері Рахымберді Әлпеш жеңімпаз атанды. Ол облыстың намысын қорғау үшін Оралхан Бөкейдің туған жері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін ақынның 70 жылдығына арналған республикалық додаға жолдама алды.
Қатысушылардың барлығы арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.