Енді құжатты Сенат бекітіп әрі қарай президент қол қойса, оралмандар бұрынғыдай төрт жылда емес, бір жылдың ішінде азаматтыққа ие болады. Ал, оған дейін Үкімет қандастарымызды отбасымен уақытша тіркеуге алады. Енді оралмандарға еліміздің кез-келген өңіріне қоныстануға да рұқсат етіліп отыр. Бұған дейін тек 7 облыста тұру міндеттелген еді. Бірақ, Үкімет айтқан жерге көшіп барса, қосымша әлуметтік өтемақылар қарастырылған. Яғни, баспанамен, жұмыспен қамтиды және 350 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі. Тіпті, этникалық қазақтардың елімізде білім алу үшін келген балаларына да арнайы жеңілдіктер жасалмақ. Сондай-ақ, жаңа заң бойынша, қандастарымыз Қазақстанда төленетін әлеуметтік жәрдемақының бәріне бірдей қол жеткізбек.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
-Төртіншіден, оралман мәртебесі жөніндегі куәлік беріледі деп айттық. Ол куәлікпен ИИН бірге жүреді де, сол зейнетақы алу үшін, жалпы әлеуметтік көмекке қажетті мәселелердің барлығы шешіледі.