Жарияланды: 760

Оралмандарға Ақтөбе облысының Көктау елді мекенінен баспана берілді

Тарихи отанына оралған 18 оралман отбасы Хромтау ауданының Көктау елді мекеніндегі жаңа үйлерге қоныстанды, деп хабарлайды облыстық әкімдік.

«Оралмандарға арналған үйлердің құрылысы аяқталды. Жыл соңында 100 отбасыға арналған төрт пәтерлі 25 үй пайдалануға беріледі», - деп хабарлайды әкімдік. Ақтөбе облысында 2009-2010 жж. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден Т2469,8 млн бөлінді, оның ішінде 50 төрт пәтерлі үйдің құрылысына Т848,2 млн бағытталды. 2011 жылдың тамызында оралмандардың балаларына арналған 600 орындық орта мектеп пайдалануға берілді. 140 орындық балабақша мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланып отыр. 200 орындық ауыл клубының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Баспана құрылысымен қатар, «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушыларды қайта оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері де шешіліп жатыр. Оралмандар «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мен «Копер Технолоджи»ЖШС-іне теміржол цехының қозғалмалы құрамын жөндеуші слесарь, электр-газ дәнекерлеушісі, сорғыш қондырғыларының машинисі, зертханашы, инженер-электроншы, уатушы, қара жұмыскер, автокөлік жүргізушісі, жүк арту машинасының машинисі мамандықтары бойынша орналастырылуда. «Бәрін де жұмысқа аламыз. Орташа жалақы 90 мың теңге. Әдетте, оралмандардың білімі болмайды, сондықтан оларды оқыту үшін оқу комбинатын ашуды жоспарлап отырмыз, олар өндірістен алыстамай, мамандық алатын болады», - деп атап көрсетті «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШСЧ бас директоры Александр Сизиков.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін