Хиджаб киген әншіні тіпті кейбір жобалардан қысқартып тастаған кездер де болған көрінеді.
Бұл туралы Индира Расылхан "Опмай-опмай" бағдарламасында айтты, деп хабарлалйды Сaravan.kz медиа порталы.
Видеоны өз парақшасына Анна данченко жүктеді.
"Сахнада рас жобалардан қысқартылған кездерім де болды. Ол нәрсе болады да. Мені бұдан кейін телеарналар шақырады деп ойламаймын да. О баста орамалға келгенде осылай болатынын білгенмін. Соған орай сахнадан кетіп қалуға да, көрермендерден көз жазып қалуға, әндерім тыңдалмай қалады, өнерім қалып қояды деген сияқты қорқыныштың болмауының барлығы иманымның толықтағанында деп білемін. Менде ешқандай өкініш жоқ. Шақырмай жатса да бәрібір. Алла қаласа өзімнің ютуб каналымды ашып жатырмын. Сол жерде бағдарламаларымды да, әндерімді де тыңдағысы келетін жандар болса, мархабат" , — деді Индира Расылхан.