«Орамал тұрмыс құрғандықтың белгісі, мектепте оны тағуға болмайды»: Оқушылардың хиджаб киюіне қарсы шыққан депутат елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орамал тұрмыс құрғандықтың белгісі, мектепте оны тағуға болмайды»: Оқушылардың хиджаб киюіне қарсы шыққан депутат елдің қызу талқысына түсті

«Орамал тұрмыс құрғандықтың белгісі, мектепте оны тағуға болмайды»: Оқушылардың хиджаб киюіне қарсы шыққан депутат елдің қызу талқысына түсті

Белгілі депутат Жұлдыз Сүлейменова мектепте хиджаб кию мәселесіне тоқталып, қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

  • 23 Тамыз 2023
  • 116
Фото - Caravan.kz

Ол сондай-ақ осы салада жұмыс істеп отырған барлық құзырлы ведомстволарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халық қалаулысы бұл туралы ойын желідегі парақшасында жазды.

«Елімізде орта білім беру жүйесіне қатысты арнайы заңдар да, Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы ратификациялаған конвенция да бар. Сол жердегі бірнеше нормаларға тоқталып өткім келеді. Бірінші, біз Конституция бойынша зайырлы мемлекетпіз. Екінші, Білім туралы заңның 3-бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері бекітілген. Оның ішінде, баршаның сапалы білім алуға құқығы және білім беру жүйесін дамытудың басымдығы, әрбір адамның зияткерлік дамуы, білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, сонымен қатар азаматтық және ұлттық құндылықтардың адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы көрсетілген. Яғни біз бұл жерде білім беру саласынан мемлекеттік саясаттың прицптерін көріп тұрмыз. Сондай-ақ орта білім саласында білім мен діннің алшақтығы бар екендігі білім саласында да зайырлылықты ұстанатынымыздың дәлелі.

Мен қоғамдағы пікірлерлерді қарағанымда «хиджабқа қарсымыз, орамал тақтыру керек» деген ойларды да естіп қалдым. Орамал тағу қазақ халқының дәстүрінде бар. Бірақ қазақ қыздары тек келін болып түсіп, босаға аттағаннан кейін ғана ақ жаулық таққан. Мәдениеттанушы, әйел заты ретіндегі менің ойым, ақ орамал тұрмыс құрғандықтың белгісі. Сондықтан Конституциялық тұрғыдан зайырлы мемлекет болғандықтан және дәстүрлі қазақ қоғамында орамал тұрмыс құрғандықтың символы болғандықтан мектепте оны тағуға рұқсат беруге болмайды.

Екіншіден, Қазақстан геосаяси жағдайда діни ахуалды заңмен немесе үкіммен реттей алмайды. Өйткені геосаяси жағдай баланс ұстауды қажет етеді. Заңда 18 жасқа толған азаматтың діни сенімін құрметтейміз деп жазылған. Бірақ зайырлы мемлекеттің негізігі принципі ретінде білім саласы да зайырлы.



Менің ойымша, хиджаб саяси исламның белгісі. Ал саяси исламның мақсаты діни өмірді радикалды негізде күн тәртібіне қою. Бұл тұрғыдан Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері жөніндегі комитет өз ойларын айтуы керек. Сәйкесінше хиджабты да білім саласына енгізе алмаймыз. Мектепте хиджаб кию Конституциямызға да, зайырлық принциптеріне де қайшы.

Үшінші, біз бір Жаратушының бар екенін мойындаған халықпыз. Елімізге ислам діні соғыспен емес, бейбітшілікпен келген. Себебі осы территорияны мекендеген халқымызға діннің кейбір нанымдары сәйкес келген. Жеке азамат ретінде менің иманым, Жаратушыға деген сенімім жүрегімде. Тіпті Абай Құнанбаев Мәшһүр Жүсіптен «Құдай қайда?» деп сұрағанда, ол «Құнанбайдың ұлы Абайдың құдайы қайда екенін білмеймін, менің құдайым жүрегімде» депті. Сәйкесінше орамал – исламның атрибуты ғана. Ал иман мен сенім біздің жүрегімізде. Сондықтан бұл проблема бүгін ғана туындаған жоқ, бұған дейін де көтеріліп келді. Білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының басшылары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі саясат департаменті осы тақырыпқа қатысты ата-аналарға белгілі бір түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келді. Геосаяси жағдайда, ішкі діни ахуал тұрғысынан қарасақ біз өз еліміздің заңнамаларына бағынуымыз керек», – дейді ҚР Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.