"Орамалды шешкісі келіп тұр ма, шешсін" - Ғалым Рабиға Төлебай - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 571.78
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамалды шешкісі келіп тұр ма, шешсін" - Ғалым Рабиға Төлебай

"Орамалды шешкісі келіп тұр ма, шешсін" - Ғалым Рабиға Төлебай

Белгілі ғалым, Каир қаласындағы Каир университетінің ұстазы, профессор Рабиға Төлебай орамалдарын шешкен әйелдер туралы пікір білдірді.

  • 10 Наурыз
  • 17
Видеодан скрин

Бұл туралы «Айтарым бар» подкастында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Орамалды тағып жүрген қыз ретінде, орамалды біреу шешкен кезде менің мәселем ол кісінің орамал шешуінде емес. Орамалды шешкісі келіп тұр ма, шешсін. Алла тағала ол нығметті ол кісіге бұйырмай тұр. Жай ғана қарапайым түсінік мен үшін осы. Өйткені, бұл бір нығмет», — деді ұстаз.

Сондай-ақ, ол орамал тақпай, бірақ 5 уақыт намаз оқып жүрген әйелдер туралы да айтты.

«Ол кісі 5 уақыт намазын қалдырмай оқып жүрген шығар, әке-шешесінің айтқанын тыңдап, олардың ақылын тыңдап жүрген шығар. Сізде бәлкім ол нәрселер жоқ шығар деген сияқты», — деді Рабиға Төлебай.