Көпшілік оны "орамалды таға салып, ақыл айтуға кірісті" деп сөккен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің өзі болса мұндай образын былай деп түсіндірген:
"Алла тағала әйел адамның берекесін, көркеуін, құрметін айналасындағы ең жақын адамдарының разылығына , яғни оларға деген көркем мәмілеге салып қойған. Анаааау жақта емес, жаныңда… Солардың ықыласына ие болған әйелге бүкіл әлемді «бағындырған». Бірінші жақын айналаң — кейін әлем, керісінше емес. Бүгін өзіме ғана емес, өзгеге де пайдам болсыншы деген «пысық», әдемі әйелдерден құралған әдемі отырыс болды. Жұмыстарыңыз қашан да берекелі , хайырлы болсын. Бүгін мен де өздеріңізден біраз шабыт алдым", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің бұл образын жаппай сынға алған.
"Не бәрі орамал тағып, психолог болып кеткен бе?", "Осындай лекцияға баратындарға таң қаламын, сонда адам өзін түсінбесе осындай әншілер түсіне ме", "Қазақтың келіншектері қара тақпайды" деп жазды олар.