"Орамалмен теледидарға шығуға рұқсат жоқ": Сара Тоқтамысова қиындыққа тап болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамалмен теледидарға шығуға рұқсат жоқ": Сара Тоқтамысова қиындыққа тап болғанын айтты

"Орамалмен теледидарға шығуға рұқсат жоқ": Сара Тоқтамысова қиындыққа тап болғанын айтты

Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққалы қандай қиындыққа тап болғанын жасырмады.

  • 19 Шiлде
  • 13279
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталв Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген. 

“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Еске салайық, айтыс майталманы орамал тағатын сіңлілеріне үндеу жасап, тәртіпке шақырғанын жазған едік. 

«Орамал тақтың ба, соған сай бол! Орамал тақтың ба, сөзіңе ие бол! TikTok-та немесе Instagram-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп, әржерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі орамал – сенің абыройың”, – деген еді ақын қыз.