Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншіге оқырманы «Оранғаның ұнамайды, қалғаны супер. Заң шығып оранғандар орамалын шешіп, байырғы әлеміңе келсең қуанамын»,- деп пікір қалдырды.
Оған Индира Расылхан «Мен орамал шешетін болсам, қуанатын адамдар бар екен. Астағфируллаһ!
Бұл орамалға келу мен үшін неше жылдық арман екенін білсеңіз ғой. 20 жасымнан Алла намаз бұйырған болса, тек 23 жылдан соң орамал бұйырды. Қаншама жыл мен армандадым. Сіздей адамды қуанта алмайды екенмін олай. Алла осы орамалымды ақырғы деміме дейін шешпеуімді нәсіп етсін!», — деп жазды әнші.