Жарияланды: 540

Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді

Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді

Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді, делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) таратқан хабарында.

«Бұрындары банк директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор лауазымына бекітілген Жандосов Ораз Әлиевич, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңының 55-ші бабының негізінде өз қалауымен мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатындығын хабарлады», - деп биржаның сайтында бейсенбі күнгі жарияланған хабарында. Бұрын хабарланғандай, О. Жандосовтың «Данабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры ретінде кандидатурасы биыл наурызда ҚР қаржылық қадағалау агенттігімен (ҚҚА) үйлестірілген болатын. «Данабанк» АҚ активтер көлемі жағынан Қазақстан банктерінің арасында 34-ші орын алады. Банк активтері 2011-ші жылы 1-ші маусымда Т6,09 млрд, жеке капиталы – Т5,24 млрд болды. Жыл басынан бері жабылмаған банк шығыны Т176,22 млн болды. Банктің акцияларының 10%-нан астамына иелік етіп отырған ірі ойыншылары Сәния Жақыпова мен Альфия Қуанышева. Олар сәйкесінше, акция пакеттерінің 23,55% және 11%-на ие.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін