Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді

Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді

Ораз Жандосов «Данабанктің» директорлар кеңесінен кетеді, делінген Қазақстан қор биржасының (KASE) таратқан хабарында.

  • 23 Маусым 2011
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Бұрындары банк директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор лауазымына бекітілген Жандосов Ораз Әлиевич, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңының 55-ші бабының негізінде өз қалауымен мезгілінен бұрын өкілеттігін тоқтатындығын хабарлады», — деп биржаның сайтында бейсенбі күнгі жарияланған хабарында.

Бұрын хабарланғандай, О. Жандосовтың «Данабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директоры ретінде кандидатурасы биыл наурызда ҚР қаржылық қадағалау агенттігімен (ҚҚА) үйлестірілген болатын.

«Данабанк» АҚ активтер көлемі жағынан Қазақстан банктерінің арасында 34-ші орын алады. Банк активтері 2011-ші жылы 1-ші маусымда Т6,09 млрд, жеке капиталы – Т5,24 млрд болды. Жыл басынан бері жабылмаған банк шығыны Т176,22 млн болды. Банктің акцияларының 10%-нан астамына иелік етіп отырған ірі ойыншылары Сәния Жақыпова мен Альфия Қуанышева. Олар сәйкесінше, акция пакеттерінің 23,55% және 11%-на ие.

Соңғы жаңалықтар