Оразада шөлдемеудің амалдары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оразада шөлдемеудің амалдары

Оразада шөлдемеудің амалдары

Биыл Рамазан айы негізінен маусым-шілде айларымен тұстас келетіндіктен, ораза ұстайтындар үшін шөлге шыдау мәселесі аса маңызды болып табылады.

  • 9 Маусым 2016
  • 545
Фото - Caravan.kz

Осы күндері күннің астында жұмыс істейтіндер де кездеседі. Сол кездерде организм көп су жоғалтса, адамның басы айналып, ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, тіпті құсуы да мүмкін. Ендеше, жаздың ыстық күндерінде ауыз бекіткенде, шөлдемеу үшін не істеу керек?

Енді осы жөніндегі аздаған кеңестерге құлақ түріңіздер.

1. Шай, кофе, газдалған сусын мен алкоголь ішпеген дұрыс. Оларда кофеин мен химиялық қоспалар болғандықтан, шөл қанудың орнына, организмді қайта сусатуға әкеліп соқтырады.

2. Ауыз бекітерде бір шым-шым тұз салынған бір кесе тұзды су ішсеңіз, организмнен су шығу үрдісі тежеледі. Әркімнің қажетіне қарай адамдар су мөлшерін әрқалай қабылдайды. Өте белсенді адам тәулігіне 2-3 литр су ішуі керек. Су, көк шай және әр түрлі шөптерден жасалған шай шөлді жақсы қандырады.

3. Ораза кезінде тамақ ішкенде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдар жемеңіз. Қуырылған және майлы тағам асқазан мен ішекті тітіркендіреді және өте баяу қорытылады. Ал ащы, тұзды және тәтті тағамдар болса адамды шөлдетеді. Осы жағдайларға байланысты таңертең ботқа жеген өте тиімді. Ботқаның қорытылуы оңай, организмге пайдалы, жеңіл тағам. Сонымен қатар, ботқа жеген адам белгілі бір дәрежеде күні бойы тоқ болады.


4. Қырыққабат, сәбіз, картоп, кәді сияқты көкөністерді мейлінше көбірек жеңіз.

5. Ауыз бекіткенде алма, жүзім, апельсин, алмұрт сияқты жемістерді жемеген дұрыс. Өйткені, олардың құрамында қышқыл көп болғандықтан, күндіз адамды шөл қысуы мүмкін, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Соңғы жаңалықтар