Оразымбетованың бөтен еркекпен құшақтасқанына күйеуі қалай қарады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оразымбетованың бөтен еркекпен құшақтасқанына күйеуі қалай қарады?

Оразымбетованың бөтен еркекпен құшақтасқанына күйеуі қалай қарады?

Жақында ғана әнші Гүлнұр Оразымбетова өмірлік жарына арнап бейнебаян түсірді. Өнер иесі алғаш рет романтикалық бейнеклипте басты рөлді сомдады. Ол белгілі қырғыз актері Азиз Бишеналиевпен махаббат сезімін көрсетуге барынша тырысқан. Алайда бұған Оразымбетованың күйеуі не дейді?

  • 1 Қазан 2018
  • 401
Фото - Caravan.kz

Ол өзге еркекпен билеген жұбайын қызғанбай ма? Бұл туралы Гүлнұр “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Сүйген адамым бейнебаянға түспесе де, сезімді бере алдық деп ойлаймын”, – дейді Гүлнұр.
Әншінің айтуынша, өнер адамын жар еткен азамат кез келген нәрсеге дайын болуы керек.

“Ол қызғаныш, артық сөйлеу, ренжу деген дұрыс емес. Өнер адамына үйленген адам, жолдасы не келіншегі, ол сүйіп қосылған адамының мамандығын біліп тұрып үйленді ғой. Өз басыма келетін болсақ, жолдасым мені түсінеді, маған сенеді.

Қызықты әрі қиын сәті деуге болады, режиссердің шешімімен, вальс билеу керек болды. Нағыз кульминациясы сол жерінде. Мен вальс билей алмаймын. Бірақ енді мықты актер Азиз (авт. Бишеналиев) мені алып шықты. Осы биді соңына дейін алып шығуыма маған үлкен көмегі тиді.

Жолдасыма вальс билейтінімді ескертіп айттым. Ол “ой, сен билей алмай, бүлдірген шығарсың” деді. Азиздің мені алып шыққанын айттым”, – деп түсіндірді Оразымбетова.


Гүлнұрдың күйеуінің қызғанышқа бой алдырмауына тағы бір себеп бар.

“Жолдасым Азизді актер ретінде жақсы бағалайды. Тағы бір атап өтетіні, Азиз менің жолдасымның жас кезіне ұқсайды, түрі келеді. Кейін жолдасым мұртын алып тастады ғой, бұрын болатын. Тек сыртқы ұқсастық”, – дейді Гүлнұр.

Соңғы жаңалықтар