"Ордабасы" футбол клубы халықаралық турнирде Бухарестің «Рапидіне» есе жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ордабасы" футбол клубы халықаралық турнирде Бухарестің «Рапидіне» есе жіберді

"Ордабасы" футбол клубы халықаралық турнирде Бухарестің «Рапидіне» есе жіберді

Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан Шешен Республикасының Тұңғыш Президенті, Р Ахмат Қадыровтың кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирдің топтық кезеңі аяқталады.

  • 1 Ақпан 2012
  • 442
Фото - Caravan.kz


Онда «А» тобындағы өнер көрсетіп жатқан Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы кеше Румынияның Бухарест қаласының («Рапид»), аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін олар енді Латвияның Даугавпилс қаласының «Даугава» футболшыларымен күш сынасады. Бұған дейін олар алғашық ойында Шешенстанның Грозный қаласының «Терек» командасына 0:1 есебімен ұтылған еді. Қазір турнир кестесінде 6 ұпаймен «Терек» пен «Рапид» көш бастап келеді. Ал «Ордабасы «мен «Даунаваның» қоржыны әзірге бос. Сондықтан бүгінгі ойында олар бір-бірінен ұпай алу үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тырысады. Латвиялықтар бұған дейін шешендерге 0:3, ал румындарға 1:3 есебімен ұтылған еді. Енді 3-ақпанда топтық кезеңнің жеңімпаздары 1-орынға, ал екінші орын алғандар 3-орынға таласады. Қазір «Б» тобындағы командалардың бәрінде 3 ұпайдан бар. Онда Харковтың «Металлист», Бакудың «Нефтчи», Варшаваның «Полония» және Ташкенттің «Пахтакор» командалары өнер көрсетуде. Бүгін бакуліктер мен ташкенттіктер, харковтіктер мен варшавалықтар өзара шеберлік байқасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера