"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Футболдан Қазақстан кубогы - 2022 финал ойыны аяқталды.

  • 13 Қараша 2022
  • 31
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана Аренада" өткен матчта кубокты "Ақжайық" пен "Ордабасы" командалары сарапқа салды.

11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (7-минут) мен Том Табатадзе (11-минут) соқты.

"Ордабасы" 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен бір голдың есесін қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің голы есепті теңестіруге мүмкіндік берді — 2:2.

Алайда көп ұзамай "Ақжайық" тағы екі гол соқты — Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).


"Ордабасы" 76-минутта Максим Федин артта қалған есепті қысқартты — 4:3. 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды — 4:4.

Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, "Ордабасыға" жеңіс әкелді.

Кездесу "Ордабасының" жеңісімен аяқталды. Шымкенттік клуб бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды, енді "Ордабасы" 2023/24 маусымында еурокубоктарға қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера