Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Билет бағасы 500 тг болсын деп елді шулатып жүрген Олжас Байділдинов кім? Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі. Олжас өзін газ-мұнай саласындағы нөмір N1 сарапшы санайды
Осы сарапшы Қаңтар алдында “көтерілген газ бағасы ұнамаса автобуспен жүріңдер!” деп бір шулатты, арты қырғын болды, білесіздер. Содан бері төбе көрсетпей кеткен қарағым кеше шығып “Алматы мен Астана қалаларында автобус ақысы 500 тг. көтерілсін. Қоғамдық көлікке мініп бір аялдама жүретіндер мен басынан соңғы аялдамаға дейін баратындар ақысында айырма болу керек” деп көкіді. Жұрт тағы дүрлікті.
Министрлік автобус тарифін біз емес, әкімдік тағайындайды деп құтылды.
Менің айтпағым, оригинал Гуччи мен Шанель жараспайтын адамдар болады екен-ау”, — деп жазды журналист.