«Біз еврейлер дүниесіндегі ең жоғары сыйлықты Қазақстан мемлекет басшысына табыс ету үшін дүниежүзіндегі бүкіл еврей халқының өкілдері ретінде келіп отырмыз»,- деді Й.Мецгер сыйлықты табыс ету рәсімінде. Оның айтуынша, «Біртуар тұлға ретінде және өзінің табиғи жетекшілік қасиетінің арқасында тікелей Нұрсұлтан Назарбаев қана Қазақстанда тұратын бүкіл халықтарды біріктіре алды. Сөйтіп осынау көп ұлтты елді қазіргі араздық пен лаңкестік, өшпенділік пен дүрдараздық билеген заманда тыныштық, бейбітшілік пен беймаралдық аралына айналдыра білді».
Израильдің бас раввині «түрлі халықтар мен ұлттар арасында бейбітшілік пен конфессияаралық диалог орнатуға бағытталған ерен еңбегі үшін» Қазақстан президентіне зор ілтипат пен ризашылық білдірді.
Маймонид атындағы халықаралық сыйлық ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүріп, ислам мен иудаизм арасындағы бірлік негізін қалаған еврей философы Рабби Моше бен Маймонның құрметіне осылай аталған.