Осы және өзге де сұрақтарға Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» комуналдық мемлекеттік мекемесі Орман өрт сөндіру станциясының басшысы Әбдіжәмиев Смағұл Әбділдаұлы жауап береді.
— Орманның өртке орануы көбінесе жаз мезгілінде бола ма әлде…
— Өте орынды сұрақ. Негізінен өрт қауіпі маусым жаз айларында күннің күрт ысуы, жауын шашынның болмауынан және жасанды жолмен пайда болу қаупі жоғары. Ағымдағы өрт қаупі бар маусым Маңғыстау облысы бойынша наурыз айының 20-сынан бастап өрт қауіпті маусым болып есептеледі. Жаз айларында орман өрт қауіпсіздігі сыныбы 5 санатқа жетсе өрт шығу қаупі жоғары болып саналады. Негізінен көбінесе жаз мезгілінде, бірақ көктем мезгілінен бастап алдын ала дайындық өтеді. Өйткені халқымызда «сақтансаң сақтарсың» деген сөз бар.
— Орманда жүрмін делік, ол жерде аяқ асты өрт болады. Ол кезде адам алдымен қалай қорғану керек?
Қолдан келсе өз күшімен сөндіру болмаған жағдайда күштік құрылымға хабарлау қажет. Өрт болған жағдайда дереу 101 телефон нөмірі бойынша хабарласу міндетті. Орманда өрт болған кезде желге қарай жүру керек және минералды жол болады. Минералды жолмен жүру қажет. Әдетте минералды жолақ, өрт қауіпі жоғары бар жерде жыртылады. Көбінесе жасанды кедергі ормандардың айналасында, трассаның бойында жасалады.
— Өрт оқиғасының тіркелуіне әкелетін басты себеп қандай?
— Орман өрт оқиғасына табиғаттың өзінен яғни найзағайдан қауіптілік сирек кездеседі. Өрт оқиғасының тіркелуін көбіне адами факторлардан болады, Техниканың ұшқын өшіргіші болмауынан, жанып жатқан сіріңке мен темекі тұқылын тастаудан, тұрмыстық қалдықтарды, май жағылған немесе жанғыш заттар сіңірілген шыны ыдыстарды тастау салдарынан пайда болады, соның әсерінен болып жатады. Табиғатта болған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырамын. Осы орайда орманда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық қағидаларды бұзушыларға заң аясында қандай жауапкершілік қолданатыны туралы жан-жақты түсінік береміз, түсіндіру жұмыстары арқасында нәтижесін көріп келеміз.
Анықтама: 2024 жылдың басынан республика аумағында жалпы ауданы 37 506,9 га болатын орман өртінің 190 оқиғасы тіркелді, оның ішінде орман өрті 16 961,1 га, орманды алқап 13 649,2 га. га, ал орманды емес аумақ 20545,8 га болған. Ал өткен жылдың осы кезеңінде орман өртінің 749 оқиғасы тіркелді. Яғни, 2023 жылмен салыстырғанда биылғы өрт саны 75,2%-ға азайды.