Өрт болған жүк пойызында бос вагондар тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт болған жүк пойызында бос вагондар тіркелген

Өрт болған жүк пойызында бос вагондар тіркелген

Жексенбі күні сағат 8.50-дің шамасында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында «Өскемен-Шар» темір жолының 79-шы шақырымында жүріп бара жатқан жүк пойызының тепловозынан өрт шықты.

  • 11 Шiлде 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Өрт 10 шаршы метр аумаққа жайылды.

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, 57 бос вагон тіркелген бұл пойыз «Жаңа Өскемен стансасы -Шар» бағытында кетіп бара жатқан. Бұдан бұрын хабарлағандай, төтенше оқиғаның салдарынан «Защита-Алматы» жолаушылар пойызы 1 сағат 35 минутқа кідіріп қалды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар