Өрт кезінде екі ер адам қаза тауып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт кезінде екі ер адам қаза тауып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Өрт кезінде екі ер адам қаза тауып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Семей қаласында бейсенбі күні кешке тоғыз қабатты көппәтерлі үйдің 4-ші қабатындағы пәтерде өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz

Жалын Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметіндегі 13 адам мен 4 техникасының күшімен бір сағаттан кейін ауыздықталды. 65 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында 8 бала бар. Өртті сөндіру кезінде 40 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Шамамен сол уақытта Петропавлда тұрғын үй ғимаратында 16 шаршы метр аумаққа тараған өрт болды. Ол екі сағаттан кейін жойылды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру кезінде 53 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.