Өрт оқиғасы салдарынан адам өлімі болатыны жайлы баламен талқылау дұрыс па? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт оқиғасы салдарынан адам өлімі болатыны жайлы баламен талқылау дұрыс па?

Өрт оқиғасы салдарынан адам өлімі болатыны жайлы баламен талқылау дұрыс па?

Өрт салдары мен оның қауіп-қатері жайлы балаларға қалай үйрету керек. 

  • 3 Қазан 2018
  • 309
Фото - Caravan.kz

Қазіргі кезде өрт салдарынан болатын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында елімізде бірқатар шаралар атқарылып жатыр.Соңғы кездері оған баса мән беріліп жатыр десек қателеспейміз. Тіпті ірі сауда орындарындағы қауіпсіздік шараларына да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жағдай әсіресе Ресейдің Кемерово қаласындағы сауда үйінде 40 тан аса баланың тілсіз жаудан көз жұмған қайғылы оқиғадан соң қатаң бақылана бастады. Ал қазір елімізде жылыту маусымы басталды. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін бірінші кезекке қою қажетпіз. Дегенмен тілсіз жаудың салдарынан орны толмас қасірет орын алатынын кішкентай баламен талқылау қаншалықты орынды. Жалпы балаға өрттен сақтанудың ережелерін қалай үйретуге болады.

Caravan.kz медиа-порталы осы және өзге де қауіпсіздік шараларына қатысты сауалдардың жауабын іздеп көрді. 

«Қауіпсіз балалық шақ» шарасы аясында елімізде балалармен кездесулер өткізіліп, арнайы мамандар қауіпсіздік ережелерімен таныстыру бұрыннан бар шара. Мамандар кішкентай бүлдіршіндерге төтенше жағдайлардың, әсіресе өрт қауіпсіздігін жеңіл тілмен жеткізе білуге тырысады. Көбіне қауіп-қатер мәселесі тақпақ пен өлең түрінде жеткізілді. Дегенмен балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің өзіне байланысты. Балаларды өрт қауісіздігіне үйрету әр азамат үшін ең алдыңғы сатыдағы міндет болу керек,.

Статистика

Елімізде былтыр өрт оқиғалары өскен. Мысалы өткен жылы Қазақстанда 15 мың өрт оқиғасы тіркеліп, 352 адам тілсіз жаудан ажал құшқан. Бұдан бөлек 816 адам зардап шеккен болып шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің былтырғы жылғы мәліметтеріне қарағанда 2016 жылы елімізде 14192 өрт дерегі тіркелсе, былтыр ол 5,7 пайызға артқан. Дегенмен зардап шеккендер мен қаза болғандар саны едәуір кеміген.

Баланы қауіпсіздік шараларына кім үйрету керек?

Сонымен баланы қауіпсіздік шараларына кім үйрету керек, деген сауалға арнайы мамандар ата-аналар өз балаларын кез келген өрт қаупі жағдайларында қалай әрекет ету керектігін тез үйрете алады деген пікірде. Ең алдымен маңызды ережені түсіндіре білу керек. Тіпті ойын түрінде үйретуге де болады дейді төтенше жағдайлар қызметі мамандары. Мысалы, үйде кездейсоқ жағдайда өрт болды деп есептейік. Сол кезде не істейміз деген сияқты ойын. Баламен ойын ойнау арқылы қалай сыртқа шығу керек, қалай сақтану керектігін үйреніп шығуға болады. Бұл сіз үшін баланың қауіпсіздігін сақтау болса, ал бала үшін қызықты ойын болады және есінде қалады. Яғни кез келген бала шынайы жағдайда қалай әрекет ету керектігін алдын ала білетін болады.

Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет?

Ес біле бастаған шақтан балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, оттың ауыр жарақат әкелетінін, тіпті адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау қажеттігін немесе сол сәтте нені істеп, нені істемеу керектігін білуі шарт. Өрт шыққан кезде сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету міндет. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда қорқып жасырынып қалады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуі себепті бала өзін осылай ұстайды. Негізгі ережелерді білмеуі салдарынан үрей туындайды. Байсалды болып, ақылмен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай.

Өрт оқиғасынан адам өлімі болатыны жайлы баламен талқылау дұрыс па?

Психолог мамандардың пайымдауынша, ата-аналар балаларынан өлім туралы жасырады. Тіпті әлдебір себептермен көлікке жаншылған торғай немесе ұсақ жәндіктерді көргенде ата-аналар оның шынайы себебін айтудан басын алып қашады. Оны балаға білуге әлі ерте деп есептейді. Дегенмен әр баламен түрлі қауіптен қайғы-қасірет орын алуы мүмкін екенін сөйлеспесек бала онымен кездейсоқ жағдайда ұшырасады, деген пікірде. Сондықтан бұл жайлы баламен талқылау керек. Бірақ, әрине саналы жасқа жеткен кезде істеу керек.

Үйге, балабақша мен мектептерге камера орнату дұрыс па?

Әрине көпшілік бұл амалдың баланы үнемі көз алдыңызда бақылауда ұстаудың өте дұрыстығын айтады. Дегенмен балалар ерте ме, кеш пе өздерін сырттай бақылап отырғанын бәрібір біліп қояды. Және олар өздерін үнемі бақылауда ұстайтынын білген кезде зиян тигуі мүмкін.

Өрт кезінде қалай әрекет ету керек

Өрт болған жағдайда жылдамдатып өртке қарсы қызметінің «101» нөміріне телефон шалу қажет. Өрт сөндірушілерді шақыра отырып, оларға нақты түрде аудан немесе елді мекеннің атауын, көше атауын, үй нөмірін, қабатын, өрт қай жерден шыққанын айту керек. Не жанып жатқанын айқындап айту қажет. Сондай-ақ кім соғып ұрғанын, телефон нөмірін міндетті хабарлау қажет.

Егер сіздің телефоныңыз жоқ болса және сіздің үйден немесе пәтерден шығу мүмкіндігіңіз болмаса, «Өрт!»- деп қатты дауыспен сырттағы адамдарды көмекке шақырыңыз.

Егер жану ошағы кішігірім болса, онда оны нақты және сенімді іс-қимылмен сөндіруге болады. Бөлмеде мүмкіндігіңізше газ бен тоқ көздерін сөндіру керек.

Нені істеуге болмайды

Терезелер мен есіктерді ашып қоюға болмайды, себебі ауа ағымы жалынды одан бетер күшейтуі мүмкін.

Желіге қосулы тұрған электржабдықтарын сөндіруге болмайды. Егер ол теледидар болса онда қызып тұрған кинескоп су құйғанда жарылуы және сізді жарақаттауы мүмкін. Оны қалың көрпемен бүркеуге немесе құммен көмуге болады.

Ғимараттардың жоғарғы қабатынан секіруге болмайды, себебі жарақат алу қаупі өте жоғары.

Егер сіз бірінші минуттарда отты сөндіре алмасаңыз, дереу бөлмеден шығу керек, және басқа адамдарға да шығуға көмектесу қажет.

 

Соңғы жаңалықтар