«Екі айдың ішінде Шығыс Қазақстан облысында дала өрттерінің саны ақылға сыймайтын мөлшерге жетті. Өртеніп жатқан аумақ 10 есе ұлғайып, 11 мың гектар аумақты жалмады», — деген ақпарат ұсынды Өрт сөндіру қызметі департаменті.
Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, бүгінгі таңда дала өрттерінің саны бойынша Бесқарағай, Зайсан, Күршім және Көкпекті аудандары алда келеді. Ірі өрттерді болдырмау үшін өрт сөндірушілер жергілікті билікпен және шаруа қожалықтарымен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, тактикалық жаттығулар өткізуде. Оның мақсаты қатынастарды ретке келтіру және өрт ошақтарын жедел сөндіру болып табылады.
Сол арада Өскемен аумағында осы уақыт ішінде 166 өрт тіркелген. 17 адам қайтыс болған. Шығын 8 млн теңгеден асып кеткен. Өрт себептері көбінесе электр қондырғылары мен жылыту пештерін пайдалану және орнату ережелерінің бұзылуынан туындап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті