Жарияланды: 260

Өрт салдарынан бір ер адам қаза тауып, әйел ауруханаға жеткізілді, 142 бас мал мен 30 тонна шөп жойылды

ҚР аймақтарында болған өрт салдарынан бір ер адам қаза тауып, әйел ауруханаға жеткізілді, 142 бас мал мен 30 тонна шөп жойылды,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. Жексенбі, 23 желтоқсанда Өскемен қаласындағы 5 қабатты үйдің пәтерінде өрт болды. Жалын тілі 1 шаршы метр аумаққа тарады. Иіс тиіп уланған 45 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Өртпен күреске ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Сол күні Қарағанды облысының Қоянды ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде шаруашылық құрылыстары отқа оранды. Жалын тілі 30 шаршы метр аумаққа тарады. ТЖ салдарынан 30 тонна шөп өртеніп, 12 бас ірі қара және 130 бас ұсақ қара мал жойылды. Өртпен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Солтүстік Қазақстан облысындағы Николаевка ауылындағы жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын тілі 64 шаршы метрге тарады. ТЖ орнында 34 жастағы ер адамның өртеніп кеткен мүрдесі табылды. Жалынды аууыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін