Жарияланды: 310

Өрт сөндіруші болып орналасу үшін Павлодар облысы бойынша ТЖД бөлімінің бастығы 75 мың сұрап келді

Қаржы полициясы 75 мың теңге пара алу үстінде Павлодар облысы бойынша ТЖД №19 өрт сөндіру бөлімінің бастығын ұстады, деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен. Бұл соманы ол жас жігіттен өрт сөндіруші болып орналастыру үшін сұратқан. Пара алу фактісі бойынша лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін