Өрт сөндірушілер Астанада жаңа туған баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт сөндірушілер Астанада жаңа туған баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды

Өрт сөндірушілер Астанада жаңа туған баланы тілсіз жаудан құтқарып қалды

Елорданың өрт сөндірушілері ерлік танытып, кіреберісі өртке оранған үйден бір әйел адам мен жаңа туған қыз баланы құтқарды, деп хабарлайды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 461
Фото - Caravan.kz

Сейсенбі, 8 желтоқсан күні таңғы сағат 09:46-да «101» пультіне Күйші Дина,88 мекенжайында орналасқан үйдің бірінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар келеді. Бес минутқа жетер-жетпес уақытта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші қабаттан қою түтін шығып жатқанын көріп, жоғарғы қабаттағы пәтер тұрғындарына қауіп төніп тұрғанын ескереді.

«Өрт сөндірушілер ең алдымен тұрғындарды іздеп, оларды құтқаруға кіріседі. Газ бен түтіннен құтқару қызметінің екі бөлімі жоғарғы қабаттағы пәтерлерді тексеруге аттанады. Осылайша, өрт сөндурі қызметінің аға сержанты Д.Уәлиев бастаған өрт сөндірушілер екінші қабатта кідіріп қалған әйел адамды құтқарады. Ал өрт сөндіру қызметінің аға лейтенанты Айдос Әлиев өрт басталған кіреберістегі пәтерлердің бірінен 2015 жылы туған нәрестені құтқарып шықты»,-деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жалпы, тілсіз жау сағат 10.08-де толықтай ауыздықталған. Өрт аумағы 2 шаршы метрді құрағаны анықталып отыр.


Соңғы жаңалықтар