Орта-Азиялық ынтымақтастық елдері өзара телерадиобағдарламаларды таратуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орта-Азиялық ынтымақтастық елдері өзара телерадиобағдарламаларды таратуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Орта-Азиялық ынтымақтастық елдері өзара телерадиобағдарламаларды таратуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыруда

Орта-Азиялық ынтымақтастық бірлестігінің ұлттық үйлестірушілерінің Душанбе қаласында өткен бас қосуында өзара телерадиобағдарламаларды таратуды ұйымдастыру мүмкіндіктері сарапқа салынды. Төрт мемлекет өкілдері тиісті келісімдер жобасын қарап, алдағы уақытта ұлттық телерадиокомпаниялардың басшыларының кездесулерін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 387
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында сондай-ақ, ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының 2003-жылдың шілде айындағы саммитінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Бас қосуға қатысушылар Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымы аясында халықаралық су-энергетикалық, азық-түлік және көлік консорциумдарын құру мәселесіне де баса назар аударды. Кеңесте Орта-Азиялық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысын 2004-жылдың ақпан айында Алматыда өткізу туралы Қазақстан жағының ұсынысы да талқыланды.

Соңғы жаңалықтар